17 қараша күні оқытушы Исакова Диара ВДН-0925-1 топ студенттерімен «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» тақырыбында тәрбиелік шара өткізді.
Шара барысында отбасының адам өміріндегі орны, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, бірлік пен ынтымақтың мәні кеңінен талқыланды. Студенттер ата-аналарының арнайы бейнеролик арқылы жолдаған жылы лебіздерін тыңдап, ерекше әсер алды.
Жастар өз ойларымен, жүрекжарды пікірлерімен бөлісіп, нағыз отбасының күші — мейірім, түсіністік және құрметте екенін тағы бір мәрте айқындады.
Осындай тәрбиелік сағаттар өскелең ұрпаққа адамгершілік, қамқорлық, сыйластық сынды асыл қасиеттерді дарытып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

#

Comments are closed