Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен «EduTech Ustaz – Білім мен технология тоғысындағы ұстаз» республикалық байқауында колледжіміздің биология пәні оқытушысы Өтешова Гүлназ Полатбекқызы жүлделі III орынды иеленді.
Бұл – ұстаз еңбегінің, шығармашылығы мен кәсіби шеберлігінің жарқын жемісі. Жоғары деңгейде өткен байқауда білім мен технологияны ұштастыра отырып, өз ісінің нағыз маманы екенін дәлелдеді.
Сондай-ақ байқауда сарапшы ретінде информатика пәні оқытушысы Халилаева Ақерке Абдуллақызы төрешілік етіп, әділ бағалау барысында жоғары кәсіби біліктілігін көрсетті.
🌟 Құрметті әріптестер, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, толағай жеңістер, кәсіби биіктер мен шәкірттеріңіздің жетістіктерін тілейміз!

#

Comments are closed