2025 жылғы 14 қараша күні «Бағдарламалау және информатика» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен, «IT-Start: Идеядан – инновацияға» айлық іс-шарасы аясында ЕТБ-0925-2 тобына арналған «Компьютерлік логиканың элементтері және логикалық амалдары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – студенттерді компьютерлік логиканың негізгі элементтерімен (AND, OR, NOT, NAND, NOR, XOR, XNOR) таныстыру, олардың жұмыс істеу принциптерін меңгерту, логикалық амалдардың нәтижесін талдай білуге, берілген логикалық өрнектерге сәйкес логикалық схемаларды құрастыруға және дайын схемалар арқылы логикалық өрнектерді қайта құрастыруға үйрету.
Сабақ барысында білім алушылар логикалық амалдардың түрлерін, логикалық элементтердің шартты белгілерін (схемаларын) меңгеріп, Logisly бағдарламасы арқылы практикалық тапсырмалар орындап, алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті.

Comments are closed