2025 жылғы 20 қараша күні «Karavansaray» кешенінде 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға оқу орнымыздың студенттері мен медициналық қызметкерлері қатысып, жастар арасында өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) туралы түсінік беру, аурудың жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру, сондай-ақ жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Шара барысында қатысушыларға ЖИТС-тің пайда болу тарихы, таралу жолдары мен салдары жан-жақты түсіндіріліп, ақпараттық видеоматериалдар көрсетілді.
Іс-шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтіп, студенттерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.

#

Comments are closed