Бүгін оқу ордамызда Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.
Шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің
1-Жедел басқармасының жедел уәкілі Л.Нұрбосынқызы, Талдау әзірлемелері бөлімінің аға жедел уәкілі Б.Әбілхайыр, колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев қатысты.
Кездесу барысында Б.Әбілхайыр студенттер мен оқытушыларға қаржылық қауіпсіздік, «дроп» ұғымы, алаяқтықтың кең таралған түрлері және қаржы пирамидаларынан сақтану жолдары туралы кең көлемде дәріс оқып, маңызды ақпараттармен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар жастардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосады.

#

Comments are closed