«Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл – ұрпақ сабақтастығының діңгегі» атты апталық іс-шарасы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушылардың теориялық білімдерін қалыптастыру және тереңдету, танымдық қызығушылығын арттыру, сондай-ақ белсенді оқыту әдістері арқылы пәнге деген ынтасын дамыту.
Ашық сабақ барысында заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылып, студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Мұндай сабақтар білім алушылардың тілдік сауаттылығын арттырып, олардың пәнге деген қызығушылығын нығайтуға ықпал етеді.

Comments are closed