Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының басты мақсаты – отбасының ұлттық құндылықтардың бастауы екенін ұғындыру, ата-ананы құрметтеуге, бауырмалдыққа, жауапкершілікке баулу және ұлағатты отбасының негізгі белгілерін түсіндіру арқылы білім алушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру.
Іс-шара барысында студенттер отбасы құндылықтары туралы пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізді. Сабақ тағылымды ойлармен қатар, тәрбиелік мәні жоғары мазмұнмен өтті.

#

Comments are closed