20 қараша күні «Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссияның «Тіл – ұрпақ сабақтастығының діңгегі» апталығы аясында ағылшын тілі пәні оқытушысы Оңғарова Саламат ұйымдастырған «Fast & Smart: English Challenge» сайыс сабағы өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру, сөздік қорын кеңейту, жылдам ойлау қабілетін дамыту және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру.
Сабақ барысында студенттер бірнеше қызықты кезеңдер бойынша бақтарын сынап, белсенділік пен жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Іс-шара мазмұнды әрі тартымды өтті.

#

Comments are closed