2025 жылдың 24 қарашасы күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің акт залында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға:
– Азаматтық қорғау майоры Абызбеков Бексұлтан,
– Азаматтық қорғау капитаны Базарбек Мейрамхан,
– Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау аға лейтенанты Убайдуллаев Бағлан,
– Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев қатысты.
Кездесу барысында мамандар өрттің шығу себептері, оның алдын алу шаралары, төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібі туралы кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттер үшін тәрбиелік әрі танымдық маңызға ие болды.
Comments are closed