Оқу ордамызда “Достық – өмір тірегі” тақырыбындағы тәрбие сағаты мазмұнды әрі әсерлі форматта ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің достық туралы түсінігін тереңдету, оның адам өміріндегі құндылығын ұғындыру, сондай-ақ жауапкершілік, шынайылық, бір-біріне деген сенім мен сыйластық сезімдерін қалыптастыру болды.
Тәрбие сағаты қатысушылардың бір-біріне арнаған жылы лебіздерімен басталып, “Адал достық” тақырыбындағы бейнероликті талдаумен жалғасты. Студенттер түрлі өмірлік жағдаяттарды талдап, дұрыс шешім қабылдауға өз ойларын ортаға салды.
Шара барысында қатысушылар достарына арнап жүрекжарды хат жазып, достықтың шынайы мәнін өздерінің ой-толғаныстары арқылы жеткізді.
Қорытынды бөлімде “ДосболLike” бағдарламасы аясында “Достық ағашы” безендіріліп, студенттер жақсы тілектерін жазып, ізгі ниеттерін білдірді. Бұл символдық ағаш – студенттердің бірлігі мен өзара сыйластығының айқын көрінісіне айналды.

Comments are closed