Оқу ордамызда топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен улы газдан сақтану, өрт қауіпсіздігі және электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану тақырыптарында тағылымды тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін үйрету, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру болды.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге төмендегі бағыттар бойынша кең көлемде ақпарат берілді:
✅ Улы газдың алдын алу:
– Газбен жұмыс істейтін құрылғыларды дұрыс пайдалану
– Желдету жүйесін тұрақты бақылау
– Пештердің техникалық жағдайын қадағалау
– Улану белгілері мен алғашқы көмек көрсету тәсілдері
✅ Өрт қауіпсіздігі ережелері:
– Отпен жұмыс істеудің қауіпті тұстары
– Ақаулы пештер мен электр құралдарының зияны
– Өрт кезінде эвакуация тәртібі
– 101 нөміріне хабарласу және алғашқы әрекеттер
✅ Электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану:
– Рұқсатсыз электр желісіне қосылмау
– Ақаулы құралдарды қолданбау
– Электр сымдарының ашық қалмауын бақылау
– Ылғалды ортада электр құрылғыларын қоспау
🔚 Қорытынды:
Тәрбие сағаты барысында студенттерге өмір мен денсаулықты сақтауға бағытталған маңызды ақпараттар беріліп, қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, нақты мысалдар арқылы тақырыпты терең меңгерді.

Comments are closed