«Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тіл – ұлт сабақтастығының діңгегі» атты апталық іс-шара аясында 2025 жылдың 21 қараша күні ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Әсілханқызы Ақниет ТКА-0925-2 тобында «Things You Didn’t Know About Space» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларды ғарыш әлеміне қатысты қызықты әрі тың мәліметтермен таныстыру, ғылыми ақпаратты түсіну және оны өз ойымен еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру болды.
Ашық сабақ барысында студенттер жоғары белсенділік танытып, ғарыш туралы қызықты деректермен танысты, пікір алмасып, өз көзқарастарын ортаға салды. Интерактивті тапсырмалар арқылы олардың танымдық қызығушылығы артып, ағылшын тілінде сөйлеу дағдылары дамытылды.

Comments are closed