2025 жылдың 03 желтоқсан күні Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир ұйымдастырылды. Эфирге Түркістан облысы прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлы қатысып, жастармен ашық диалог форматында кездесу өткізді.Аталған тікелей эфирге «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттері де белсенді қатысып, өздерін мазалаған құқықтық сипаттағы сұрақтарын жолдап, нақты әрі түсінікті жауаптар алды.
Кездесу барысында келесі тақырыптар кеңінен талқыланды:
– Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру
– Қауіпсіздік шаралары мен құқықтық мәдениет негіздері
– Кибербуллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу
– Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелері
– Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері
Даулет Бекбашұлы студенттерге заң талаптары мен құқықбұзушылық салдары туралы нақты мысалдар арқылы түсіндіре отырып, жастарды өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заң шеңберінде әрекет етуге және қандай да бір қауіп төнген жағдайда тиісті органдарға жүгінуге шақырды. Бұл тікелей эфир жастар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді байланыс орнатуға бағытталған тиімді алаң болды. Сонымен қатар, «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясындағы мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты құқықтық сауатты азамат ретінде қалыптастыруға зор үлес қосатыны атап өтілді.
Іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!

Comments are closed