2025 жылдың 03 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруге арналған тәрбие іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Садулла Бабажан жүргізді.

Түсіндірме жұмысының негізгі мақсаты – студенттерге өрт қауіпсіздігі туралы кешенді ақпарат беру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін арттыру болды.
Іс-шара барысында студенттер:
– Өрттің негізгі себептері мен оның алдын алу жолдары туралы толық ақпарат алды;
– Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету ережелерін меңгерді;
– Өрт кезінде эвакуациялау тәртібімен танысып, қауіпсіздік құралдарын қолдану тәсілдерін игерді;
– Өзін және айналасындағы адамдарды қорғаудың тиімді әдістерін үйренді.

Оқытушы нақты мысалдар келтіре отырып, әрбір қауіптің мәнін түсіндірді және студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Мұндай шаралар студенттердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және төтенше жағдайларға дайын болуын арттыруда үлкен маңызға ие. Колледж басшылығы қауіпсіздік бағытындағы жұмыстарды әрдайым басты назарда ұстап, жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

#

Comments are closed