2025 жылдың 09 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің жанында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Түркістан қалалық полиция басқармасының ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Б. Мейрханов және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев қатысты.

Түсіндірме жұмыстары барысында колледж маңындағы бірқатар дүкендер араланып, кәсіп иелеріне кәмелетке толмаған жасөспірімдерге электрондық темекі, вейп, темекі өнімдері және өзге де тыйым салынған заттарды сатуға заңмен қатаң тыйым салынғаны туралы ескертілді. Сонымен қатар, ҚР заңнамасына сәйкес, бұл әрекеттердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні айтылып, түсіндірме парақшалары таратылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

#

Comments are closed