2025 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде топ жетекшілердің ұйымдастыруымен «Мен өз елімді мақтан тұтамын!» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы топ сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің бойында отаншылдық қасиетті қалыптастыру, ел тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімін арттыру, сондай-ақ еліміздің жетістіктерін мақтанышпен сезінуге тәрбиелеу.
Сабақтар барысында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, елдің тарихи мұралары мен ұлттық құндылықтары кеңінен айтылып, студенттер белсенді пікір алмасып, өз көзқарастарын білдірді.
Мұндай іс-шаралар жастардың бойында азаматтық жауапкершілік пен ұлттық рухты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

Comments are closed