2025 жылғы 17 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің №3 жатақханасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында студенттермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөліміне қарасты учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Зейнешов Сағи Тасқұрманұлы, полиция лейтенанты Нұрсейіт Дінислам Нұржанұлы, жатақхана тәрбиешісі және жатақханада тұратын студенттер қатысты.
Іс-шара барысында бүгінгі қоғамда өзекті болып отырған кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ зиянды әдеттер мен құқыққа қайшы әрекеттерден сақтану мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, жеке жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығы жөнінде нақты ақпарат беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

#

Comments are closed