Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Еңбек» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрме Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті және университеттің шаруашылық-техникалық саласында қызмет ететін 40-қа жуық еңбек адамының күнделікті тіршілігі мен қажырлы еңбегін бейнеледі.
Олардың қатарында университетте 30 жылдан астам уақыт адал қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар да бар. Бұл шара қарапайым еңбектің қадірін ұлықтауға бағытталған.
Көрмеге «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің білім алушылары да барып, тағылымды тәлім-тәрбие алды.

#

Comments are closed