2025 жылғы 24 желтоқсан күні «10130300 – Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша колледж студенттеріне арналған тәжірибелік бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара аясында «Rixos Turkistan» қонақ үйінің «KazakhAsia» мейрамханасының бас аспаздары студенттерге кәсіби мастер-класс өткізді.
Мастер-класс барысында болашақ мамандар заманауи тағам дайындау технологияларымен, кәсіби ас үйдегі жұмыс үдерісімен, тағамды ұсыну мәдениетімен және аспаздық шеберліктің қыр-сырларымен танысты. Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауап алып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Аталған іс-шара студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, теория мен тәжірибені ұштастыруға, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман болып қалыптасуына зор ықпал етті.

#

Comments are closed