Ветеринария мамандығының І курс студенттеріне мал шаруашылығы саласындағы практикалық дағдыларды жетілдіру мақсатында «БНК АГРО КЗ» шаруашылығына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында студенттер заманауи мал шаруашылығы технологияларымен, шаруашылықтың өндірістік бөлімдерінің жұмысымен жан-жақты танысты. Сонымен қатар, тәжірибелі ветеринар мамандармен сұхбат жүргізіліп, кәсіби бағыт-бағдар беретін тәжірибелік кеңестер ұсынылды.
Аталған экскурсия студенттердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, теориялық білімдерін нақты өндірістік ортада бекітуге және болашақта білікті ветеринар мамандарын даярлауға маңызды үлес қосты.

#

Comments are closed