Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, 2025 жылғы 22–24 желтоқсан аралығында оқу ордамызда аталған бастаманың қорытындысы ретінде «Қарапайым жұмысшыларды құттықтау» челленджі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Челлендж аясында колледж жастары қоғамның дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі саладағы қарапайым еңбек адамдарына өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін арнады. Іс-шараның басты мақсаты — еңбек адамын ұлықтау, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен мәртебесін арттыру, сондай-ақ жастар арасында еңбекке деген құрметті қалыптастыру болды.
Аталған бастама студенттердің адамгершілік құндылықтарын нығайтып, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және еңбек адамына деген сыйластықты дәріптеуге ықпал етті.

Comments are closed