Жаңа жыл қарсаңында Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінде ұжымға арналған дәстүрлі мерекелік кеш өтті. Іс-шара барысында 2025 жыл қорытындыланып, колледждің дамуына үлес қосқан қызметкерлер марапатталды.
Колледж директоры ұжымды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, адал еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлерге марапаттар табыстады.
Мерекелік бағдарлама шығармашылық нөмірлерге, бөлімдер өнеріне және көтеріңкі көңіл күйге толы болды. Кеш ұжымдық бірлік пен өзара сыйластықтың айқын көрінісіне айналды.
Жаңа жыл баршаға денсаулық, береке, жаңа мүмкіндіктер мен мол табыс әкелсін!
Жаңа жыл құтты болсын!

#

Comments are closed