Бүгінгі таңда еліміз стратегиялық даму бағыттарын айқындап, цифрландыру мен жасанды интеллектті ұлттық басымдық ретінде жариялады. Бұл — біздің болашағымызды айқындайтын маңызды қадам.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген ауқымды сұхбаты еліміздің дамуындағы жаңғыру кезеңін, экономикалық тұрақтылықты, қоғамдағы әлеуметтік құндылықтарды және ақпараттық мәдениетті нығайту қажеттілігін айрықша атап өтті.
Мемлекет басшысы сұхбатында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жолын, қол жеткізген жетістіктері мен алдағы сын-қатерлерін таразылай отырып, жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын айқын атап өтті.
🔹 Президенттің басты ойларының бірі — заман талабына сай жаңғыру, яғни дәстүр мен инновацияны үйлестіре отырып, мемлекетті дамытудың жаңа моделін қалыптастыру.
🔹 Сұхбатта еңбекқорлық, жауапкершілік, білім мен кәсібилік ел дамуының негізгі тірегі екені нақты көрсетілді.
Цифрландыру — жасанды интеллектпен бірге біздің білім, экономика және әлеуметтік өмірімізді түбегейлі өзгертетін басты бағыт. Ел динамикалық және инновациялық даму жолына бет бұрды.
🎓 Колледжімізде де бұл бағыт белсенді жүзеге асуда:
✔ колледжішілік оқыту семинарлары
✔ цифрлық технологияларды оқу процесіне енгізу
✔ мұғалімдер мен студенттердің цифрлық дағдыларын арттыру
✔ практикалық IT платформаларды қолдану
Бұл — біздің бәсекеге қабілетті, әлемдік стандарттарға сай білім беруге жасаған нақты қадамдарымыз!
Біз бірге жаңғырамыз, бірге дамимыз!

Comments are closed