2026 жылғы 06 қаңтар күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде студенттерге арналған «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ адалдық пен әділдік құндылықтарын жастардың санасына сіңіру.
Тәрбие сағаты барысында жемқорлықтың түрлері мен салдары, заң алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, адалдық пен әділдік қағидаттарының маңыздылығы талқыланып, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру жолдары айтылды.
Студенттер тақырып аясында өз ой-пікірлерін ортаға салып, белсенді түрде пікір алмасуға қатысты. Іс-шара соңында барлық қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес — әр азаматтың азаматтық борышы екенін ұғына отырып, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануға шақырылды.

Comments are closed