Астана қаласында 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер арасында 20–26 желтоқсан аралығында өткен «Жас барыс» халықаралық турнирінде колледжіміздің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін асқақтатты.
🔹 Тұрғанбек Қайырке — 60 кг салмақ дәрежесінде I орын иегері
🔹 Әмірбеков Ернұр — 70 кг салмақ дәрежесінде I орын иегері
Бұл — тынымсыз еңбек пен табандылықтың, спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын дәлелі. Жас спортшыларымыздың жеңісі — колледжіміз үшін зор мақтаныш!
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!

#

Comments are closed