2025–2026 оқу жылының 22–26 желтоқсан күндері аралығында колледжішілік пәндер олимпиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті.
Олимпиадаға әртүрлі мамандық бойынша 148 студент қатысып, өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Олимпиада барысында студенттер арасында өзара бәсекелестік қалыптасып, білім алушылардың оқу жетістіктері мен шығармашылық әлеуетін арттыруға үлкен серпін берілді.
📌 Қорытынды кезеңінде қазылар алқасының шешімімен үздік нәтиже көрсеткен студенттер анықталып, олимпиада нәтижелері шығарылды.
🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және марапаттармен салтанатты түрде марапатталды.
Аталған олимпиада — студенттердің білімге деген құштарлығын арттырып, сапалы білім мен кәсіби дамуға жол ашатын маңызды іс-шаралардың бірі болды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, ал жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 👏

Comments are closed