Колледжде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алушы студенттерден өндірістік практика есебі демонстрациялық түрде қабылданды. Атап айтқанда, ТКА-1124, ТКА-0924-1, ТКА-0924-2, ТКА-0923-1, ТКА-0923-2, ТКА-0923-3, ТКА-1125-1, ТКА-1125-2 топтарының студенттері қатысты.
Практика есебін қабылдау барысында студенттер өндірістік тәжірибе кезінде меңгерген білімдері мен практикалық дағдыларын демонстрациялық форматта көрсетіп, кәсіби құзыреттіліктерін дәлелдеді. Теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып, орындалған жұмыстардың мазмұны мен нәтижелері жан-жақты талқыланды.
Мақсаты:
– студенттердің өндірістік тәжірибесін бағалау;
– практикалық дағдылары мен кәсіби шеберлігін тексеру;
– теориялық білімді тәжірибе барысында қолдану деңгейін анықтау.
Маңызы:
– студенттердің практикалық дағдылары мен кәсіби біліктілігі сараланды;
– өндірістік тәжірибе мен теориялық білімнің өзара байланысы көрсетілді;
– дұрыс әрі толық рәсімделген практика есебі студенттердің кәсіби дамуына және қорытынды бағасына оң әсер ететіні айқындалды.
Практика есебін демонстрациялық түрде қабылдау студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасу деңгейін анықтауға және кәсіби даярлығын жетілдіруге мүмкіндік берді.

Comments are closed