Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы барысында айтқан ойлары елдік мұрат пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Президент өз сөзінде отаншылдық ұғымының тек Отанға деген сүйіспеншілікпен шектелмейтінін, ең алдымен, ел алдындағы жауапкершілікті терең сезініп, перзенттік парызды адал атқарудан көрінетінін атап өтті. Мемлекет басшысы әрбір азаматтың қоғам дамуына үлес қосуы, заң мен тәртіпті құрметтеуі, адал еңбек етуі – нағыз патриотизмнің басты көрінісі екенін ерекше атап көрсетті.
Сонымен қатар, Президент ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін жеткізді. Бұл қағидаттар Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағының берік негізі болмақ.
Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайда айтқан бұл тағылымды ойлары әрбір қазақстандықты елге адал қызмет етуге, жауапкершілік пен отаншылдықты өмірлік ұстанымға айналдыруға үндейді.

Comments are closed