2026 жылғы 3 ақпан күні колледжде топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Жақсы мінез – сарқылмас байлық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жақсы мінез-құлықтың жеке тұлға мен қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында оқушыларға өнегелі мінез, сыйластық, жауапкершілік пен ізгілік ұғымдары кеңінен түсіндіріліп, тақырып аясында пікір алмасулар ұйымдастырылды. Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, жақсы мінездің өмірдегі орны мен мәні туралы тұжырымдар жасады.
Өткізілген тәрбие сағаты білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуына оң ықпал етіп, олардың тұлғалық қасиеттерін нығайтуға бағытталды.

#

Comments are closed