2026 жылғы 5 ақпанда «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің бастамасымен «Адал азамат», «Салауатты сана» жобалары аясында студент жастармен тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – «Адал азамат» жобасы шеңберінде жастарды адалдыққа, әділеттілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, парасаттылық пен азаматтық жауапкершілікті насихаттау, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.
Іс-шараны колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Еркебалаев Даурен Назымханұлы жүргізді.
Кездесуге Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбдіқұлов Созақбай Исаұлы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы, Түркістан қалалық полиция басқармасының ҚҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Мейрханов Бағдат Ықыласханұлы, Түркістан қаласы әкімдігінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психологы Исаева Гүлмира Маралбекқызы, сондай-ақ «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігі төрағасының орынбасары Жарылқасын Аружан Берікқызы қатысты.
Кездесу барысында ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар, ата-ананы құрметтеу, құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлықпен күрес, вандализмнің алдын алу сынды өзекті тақырыптар кеңінен қозғалды. Қонақтар студенттердің сауалдарына жан-жақты жауап беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Тағылымды кездесу студент жастарға ерекше әсер қалдырып, олар мазмұнды ой-пікірлері мен өнегелі әңгімелері үшін қонақтарға ризашылықтарын білдірді.

Comments are closed