«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Сталкинг – зорлық-зомбылықтың жасырын түрі» тақырыбында түсіндіру жиналысы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында сталкинг ұғымы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның алдын алу жолдарын түсіндіру және жеке қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Жиналысқа Түркістан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Жарқынбек Әйгерім Қанатбекқызы, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ психолог маманы Өміртаева Жансая Ержанқызы, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, педагог-психолог А.Тураева, әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан және колледж студенттері қатысты.
Кездесу барысында сталкингтің түрлері, оның психологиялық және құқықтық салдары, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, білім алушыларға жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары, құқықтық жауапкершілік мәселелері және құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі туралы нақты ақпарат берілді.
Іс-шара соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толыққанды жауап беріп, профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

#

Comments are closed