Ақпан айының 10-ы күні «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссиясы және «Құқықтану» мамандығының арнайы пәндер оқытушылары Г.Қалдыкөзова мен М.Дадажанова «Құқықтану» мамандығы топтарының студенттері үшін «Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына саяхат» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттерге «Сен және заң» тақырыбы аясында құқықтық бағыттағы интеллектуалды ойын жүргізілді. Оған Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағалық етуші судьясы К.Чингиспаева, судья М.Оңласов, баспасөз қызметінің басшысы, сот әкімшісінің басшысы және дін өкілі Н.Құлбатыр мырза қатысты.
📚 Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық білімді тәжірибе жүзінде нығайту.
✏️ Интеллектуалды дода бірнеше кезеңнен тұрды: ойын барысында студенттер заң саласына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
▪️ Іс-шара соңында әділ қазы алқасы қатысушылардың білім деңгейін бағалап, жеңімпаз топ пен белсенді студенттерді марапаттады.
Студенттер іс-шарадан мол тәжірибе алып, құқықтық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне ие болды.

#

Comments are closed