Жаңартылған Конституция – әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды өзгерістердің бастауы. Бұл өзгерістер – білімді, саналы, белсенді жастардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың қоғам өміріне еркін араласуына жол ашады.
Бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман, көшбасшы, кәсіпкер, ел дамуына үлес қосатын тұлға. Сондықтан әрбір жас Конституциялық жаңғыруды қолдай отырып, елдің тұрақтылығы мен дамуына өз үлесін қосады.
Біз әділетті Қазақстанды қолдаймыз!
Біз заң мен тәртіпті құрметтейміз!
Біз жарқын болашақ үшін біргеміз!
Жастардың таңдауы – тұрақтылық пен даму!

Comments are closed