14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай колледжіміздің кітапханасында қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Кітап сыйлау» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және ақын шығармашылығын кеңінен таныту. «Кітап – білімнің, рухани байлықтың қайнар көзі» дей отырып, студенттеріміз кітапхана қорын толықтыруға өз үлестерін қосты.
Акция барысында білім алушылар Мұқағали Мақатаевтың шығармалары мен өлеңдерімен тереңірек танысып, ақын поэзиясындағы өмір, махаббат, Отан, адамгершілік тақырыптары жайлы өз ойларымен бөлісті. Жастар жүрегінен орын алған жыр жолдары олардың рухани әлемін байытып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Осындай тағылымды шаралар студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, ұлттық әдебиетімізге деген құрметін нығайта түседі.

#

Comments are closed