2026 жылғы 13 ақпан күні колледжде биология пәнінің оқытушысы У. Байырбекова ЕТБ-0925-3 тобының білім алушыларына арналған
«Адам хромосома санының ауытқуына байланысты болатын хромосомалық аурулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – білім алушыларға адам кариотипінің құрылымын, хромосома санының қалыпты көрсеткішін және оның ауытқуы нәтижесінде пайда болатын генетикалық аурулардың себептері мен клиникалық ерекшеліктерін түсіндіру, ғылыми көзқарас қалыптастыру.
Сабақ барысында заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, «Ақыл картасы», «Ұжымдық жұмыс», «Ой қозғау», «Постер қорғау», «Клиникалық жағдайды талдау», «Ақиқат па, әлде жалған ба?» әдістері тиімді ұйымдастырылды.
Интерактивті тақта, презентациялық материалдар, кестелер мен кариотип үлгілері пайдаланылып, теориялық білім тәжірибелік тапсырмалармен ұштастырылды. Бұл тәсілдер білім алушылардың белсенділігін арттырып, сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Сабақта адамдағы хромосомалардың қалыпты саны 46 екендігі түсіндіріліп, анеуплоидия құбылысы және оның мейоз үдерісіндегі хромосомалардың ажырамауымен (нон-дисъюнкция) байланысы қарастырылды. Хромосомалық аурулардың кең таралған түрлері мен олардың ерекшеліктеріне талдау жасалды.
Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылардың теориялық білімін тереңдетуге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталды.

Comments are closed