У. Байырбекова ВЕФ-0923 тобына «Досыңа кітап сыйла» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Студенттер кітаптың өмірдегі мәні, достық қатынастарды нығайтудағы рөлі туралы білді.
Тәрбие сағаты барысында «Миға шабуыл», «Топтық жұмыс» және «Сұрақ-жауап» әдістері қолданылып, студенттер өз сүйікті кітаптарын таныстырып, достарына сыйлауға болатын шығармаларды талқылады.
Тәрбие сағаты студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық пен адамгершілік қасиеттерді дамытуға бағытталды.

Comments are closed