2026 жылғы 16 ақпан күні ЗҚТ-0924 тобында арнайы пәндер оқытушысы Жазира Якупова «Заңды тұлғаның түсінігі және құқықтық жағдайы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында заңды тұлғаның ұғымы, белгілері, түрлері, құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі, сондай-ақ олардың азаматтық-құқықтық қатынастардағы орны жан-жақты түсіндірілді. Теориялық материал нақты мысалдармен толықтырылып, студенттердің құқықтық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды.
Ашық сабақ интерактивті форматта өтіп, студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерін еркін білдірді. Сабақтың мазмұны болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.

Comments are closed