Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық жобасын жүзеге асыру аясында дайындалған ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер колледж кітапханасына табысталды.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті оқытушы-ғалымдары өздерінің көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әзірленген төмендегі монографиялар мен оқулықтарды колледжге сыйға тартты. Бұл басылымдар білім беру үдерісін жетілдіруге, оқу мазмұнын жаңартуға және студенттердің ғылыми дүниетанымын кеңейтуге бағытталған:
— «Қазақстан тарихы пәнінің оқыту әдістемесін ақпараттық және цифрлық технологиялар арқылы дамыту» монографиясы
Авторлары: Л.С. Динашева, М.С. Исаев, Б.Т. Ортаев
— «Жоғары оқу орны студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру деңгейін WHOQOL-BREF (KAZ) көрсеткіштері негізінде модельдеу және талдау» монографиясы
Авторлары: Б.Ө. Ермаханов, Б.С. Омаров, Ж.М. Есиркепов
— «Салауаттылық өлшемі (шкаласы)» оқулығы
Авторлары: Б.Ө. Ермаханов, Б.Қ. Мухамеджанов, Т.Ә. Данияров
— «Қазақстан тарихы» оқулығы
Авторлары: А.Д. Сандыбаева, Л.С. Динашева, М.С. Исаев, Е.Е. Мырзабеков
Аталған оқу-әдістемелік еңбектер білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, оқытушылардың әдістемелік қорын толықтыруға және ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуға зор мүмкіндік береді.
Колледж ұжымы жоғары оқу орны мен колледж арасындағы ғылыми-әдістемелік байланысты нығайтуға үлес қосқан оқытушы-ғалымдарға шынайы алғыс білдіреді. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенім білдіреміз.

Comments are closed