Ауған соғысы – тарихтың ауыр сынағы, батырлық пен төзімнің айқын көрінісі болған кезең. От пен оқтың ортасында жүріп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған жауынгерлердің ерлігі – әрдайым құрмет пен тағзымға лайық.
Ақпан айының 16-сы күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі қабырғасында «Тарихқа тағзым, ардагерге құрмет» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері — Сұлтан Уралбаев және Өмірбаев Камалхан қонақ болып қатысты.
Іс-шара барысында ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа отансүйгіштік, батылдық пен жауапкершілік туралы өнегелі ойларын жеткізді. Студенттер үшін бұл кездесу – тарихтан тағылым алып, ерлік рухын сезінуге үлкен мүмкіндік болды.
Ерлік – ұмытылмайды, батырларға құрмет – мәңгілік.

#

Comments are closed