«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен ақпан айының 3–27 жұлдызы аралығында өткізілген «Жасанды интеллект және гуманитарлық ғылымдар» атты айлық іс-шара аясында «Күш пен даналық. Колледж чемпионаты» атты толағай эстафеталық спорттық сайыс өтті.
Аталған спорттық сайыс студенттердің физикалық дайындығын арттырумен қатар, жылдам ойлау, тапқырлық пен командалық үйлесімділікті дамытуға бағытталды. Сайыс барысында қатысушылар өзара ұйымшылдық танытып, ептілік пен төзімділіктің, күш пен зияткерліктің үйлесімін көрсете білді.
Іс-шара студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға, белсенділікке және жеңіске деген жігерін арттыруға ықпал етіп, достық пен әділ бәсекенің жарқын үлгісіне айналды.

Comments are closed