«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі білім алушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қағидаттарын дәріптеу мақсатында топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Мың алғыс» атты кураторлық (тәрбие) сағаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың бойында ризашылық сезімін қалыптастыру, мейірімділік пен сыйластық қасиеттерін дамыту, сондай-ақ қоғамдағы татулық пен бірліктің маңызын ұғындыру.
Кураторлық сағат барысында студенттер алғыс айтудың мәні мен маңызы туралы ой бөлісіп, тақырыптық бейнероликтер тамашалады. Сонымен қатар, өлеңдер оқылып, тәрбиелік мәні зор көріністер ұсынылды. Қатысушылар ұстаздарына, ата-аналарына және достарына жүрекжарды тілектерін білдіріп, шынайы алғыстарын жеткізді.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылардың белсенді қатысуымен өтті. Мұндай тағылымды тәрбие сағаттары жас ұрпақтың рухани дамуына оң ықпал етіп, олардың азаматтық көзқарасының қалыптасуына берік негіз қалайды.

#

Comments are closed