Колледжімізде студенттердің психологиялық саулығын нығайту және жағымды ойлау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Ментальды позитив: саналы ой – сапалы өмір» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Тренинг барысында білім алушылар:
🔹 саналы ойлаудың маңызын түсінді;
🔹 жағымсыз ойлармен жұмыс істеу тәсілдерін үйренді;
🔹 стрессті басқару және эмоциялық тұрақтылықты арттыру жолдарымен танысты;
🔹 топтық жаттығулар арқылы өзара тәжірибе алмасты.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылар жоғары белсенділік танытты. Психологиялық жаттығулар мен пікір алмасу сәттері студенттерге ерекше әсер қалдырды.
Саналы ой – табысты болашақтың бастауы. Осындай тренингтер жастардың тұлғалық дамуына, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға және өмірге деген позитивті көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Comments are closed