2026 жылғы 26 ақпан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі ерікті жастарының бастамасымен «Көшет отырғызу» акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекен аумағын көгалдандыру және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акция барысында белсенді жастар белгіленген аумақтарға көшеттер отырғызып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты.
Іс-шара ұйымшылдықпен, жауапкершілікпен және жоғары белсенділікпен өтіп, жастардың табиғатқа деген жанашыр көзқарасын айқындай түсті. «Көшет отырғызу» акциясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі бастамалардың бірі ретінде алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

#

Comments are closed