2025 жылғы 27 ақпан күні «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі» маңында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ тыйым салынған өнімдер мен синтетикалық есірткінің зияны туралы түсіндіру мақсатында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға Түркістан қалалық полиция басқармасы ҚҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Б.Мейрханов, учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Лесбек Таңшолпан, сондай-ақ колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев қатысты.
Түсіндіру жұмыстары барысында колледж маңындағы сауда орындары араланып, кәсіп иелеріне кәмелетке толмағандарға электрондық темекі, вейп, темекі өнімдері және өзге де заңмен тыйым салынған заттарды сатуға жол берілмейтіні қатаң ескертілді. Сонымен қатар, синтетикалық есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны, оның денсаулыққа, психикаға және әлеуметтік өмірге тигізетін кері әсері жөнінде кең көлемде ақпарат берілді.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аталған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алу.

#

Comments are closed