«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінде 2026 жылғы 3–27 ақпан аралығында ұйымдастырылған «Жасанды интеллект және гуманитарлық ғылымдар» атты айлық іс-шара аясында оқытушы Д.Садуахас ВДН-0924 тобының студенттеріне «Сыртқы сауда мен өндіріс факторларының қозғалысын мемлекетаралық реттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар сыртқы сауданың мәні мен маңызын, оның ел экономикасындағы рөлін талқылады. Сонымен қатар өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет) халықаралық қозғалысының ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.
Студенттер сабаққа белсенді қатысып, топтық жұмыстар орындады, талдау тапсырмаларын шешті және пікірталас алаңында өз ойларын еркін білдірді. Теориялық білімдерін нақты мысалдар арқылы практикамен ұштастыра білді.
Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және экономикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.

#

Comments are closed