8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай оқу ордамыздың белсенді жастарының ұйымдастыруымен «Ананың аялы алақаны» атты құттықтау шарасы өтті.
Бұл шуақты мереке – көктемнің ең әдемі, ең мейірімге толы күндерінің бірі. Ана – өмірдің шуағы, отбасының тірегі, мейірім мен махаббаттың символы.
Осы мерейлі мерекеде барша аяулы аналарымызды, ардақты ұстаздарымызды және қыз-келіншектерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің аялы алақандарыңыз бен ақ тілектеріңіз әрдайым бізге күш-қуат беріп, болашаққа сеніммен қарауға жол ашады.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға береке мен бақ-дәулет тілейміз. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз қуанышқа толы болсын!

Comments are closed