2026 жылдың 11 наурыз күні ЕТБ 0925-3 тобы студенттерімен орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Хабибулла Зульфияның ұйымдастыруымен А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасы тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында білім алушылар шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін талдап, сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет алды.
Оқыту үдерісінде заманауи цифрлық құралдар қолданылып, сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылды. Бұл студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Comments are closed