Бағдарламалау және информатика бірлестігінің ұйымдастыруымен «Digital Nauryz: ұлттық дәстүр мен IT инновация» атты апталық іс-шарасының салтанатты ашылуы жоғары деңгейде өтті.
Аталған шара – ұлттық құндылықтар мен заманауи цифрлық технологияларды ұштастыра отырып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, IT саласына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ерекше бастама болды.
Ашылу салтанатында қатысушыларға апталықтың мақсаты мен жоспарланған іс-шаралар таныстырылып, ұлттық дәстүр мен цифрлық дамудың үйлесімді байланысы кеңінен насихатталды. Кеш барысында заманауи технологиялардың мүмкіндіктері мен олардың ұлттық мәдениетпен сабақтастығы ерекше атап өтілді.

#

Comments are closed