2026 жылдың 19 наурыз күні ЕТБ-0925-2 тобы студенттерімен ағылшын тілі пәні оқытушысы А.Әсілханқызының ұйымдастыруымен «Dream house: Design your home» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында білім алушылар өз армандарындағы үйді сипаттап, түрлі тапсырмалар орындады. Сонымен қатар Past Continuous грамматикалық тақырыбы түсіндіріліп, студенттер өткен шақта болып жатқан әрекеттерді дұрыс қолдануды үйренді.
Сабақта студенттер топтық және жұптық жұмыстар арқылы өз жобаларын қорғап, ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамытты. Әсіресе, «dream house» тақырыбы аясында шығармашылық тапсырмалар орындалып, білім алушылардың қиялы мен белсенділігі артты.Оқыту үдерісінде заманауи цифрлық құралдар қолданылып, сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылды. Бұл студенттердің қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Comments are closed