Арнайы пәндер оқытушысы Сейлхан Айтжанның ұйымдастыруымен “Домен атауы және оның түрлері” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – домен атауының мәнін түсіндіру, оның негізгі түрлерін таныстыру және интернет кеңістігіндегі маңызын ашу болды.
Сабақ барысында білім алушылар теориялық мәліметтермен танысып қана қоймай, түрлі тапсырмалар арқылы алған білімдерін практикада қолданды. Қызықты мысалдар мен заманауи әдістерді қолдану арқылы студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, белсенділігі жоғары деңгейде көрінді.

#

Comments are closed